МӘМС БОЙЫНША АҚПАРАТТЫҚ-АНЫҚТАМАЛЫҚ МАТЕРИАЛ

  • 0

МӘМС БОЙЫНША АҚПАРАТТЫҚ-АНЫҚТАМАЛЫҚ МАТЕРИАЛ

МӘМС БОЙЫНША АҚПАРАТТЫҚ-АНЫҚТАМАЛЫҚ МАТЕРИАЛ

 

МӘМС ЭВОЛЮЦИЯСЫ : ХАЛЫҚҚА 2020 ЖЫЛДАН БАСТАП МЕДИЦИНАЛЫҚ  КӨРСЕТІЛЕДІ

 

ҚР Президенті Қ. Тоқаев: “2020 жылдың 1 қаңтарынан бастап Қазақстанда міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру  жүйесі іске қосылады. Азаматтарға айтарым: мемлекеттік  тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемі сақталады”.

 

“Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру туралы” заң 2015 жылғы 16 қарашада қабылданды. Ол сақтандыру, мемлекеттік реттеу, сақтандырылған адамдардың құқықтары мен міндеттерін, медициналық көмек көрсету шарттарын және МӘМС жүйесінің басқа да мәселелерін реттейді.

 

Тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемі (ТМККК) тізбесінің жаңа моделі және МӘМС жүйесіндегі медициналық көмек пакеті әзірленді.

2019 жылғы 18 маусымдағы ҚР Үкіметінің отырысында екі пакеттің тізбесі мақұлданды және бекітілді.

 

ТМККК жаңа моделі медициналық көмек алуда сақтандырылмаған азаматтардың тәуекелдерін төмендетеді, өйткені барлық алғашқы  және шұғыл көмекті, сондай-ақ негізгі инфекциялық емес аурулар бойынша және айналасына  қауіп төндіретін ауруларды емдеуді қамтиды.

 

Сақтандырылған азаматтарға ТМККК-ден тыс медициналық қызметтер, оның ішінде қымбат тұратын тексерулер қолжетімді болады.

Бүгінде біз 2020 жылдан бастап МӘМС енгізуге дайынбыз деп  батыл мәлімдей аламыз. Бұл үшін барлық заңнамалық база бар.

2017 жылғы шілдеден бастап жұмыс істейтін медициналық сақтандыру қорында айтарлықтай қаражат  жиналды.

2017 жылдың 1 шілдесінен бастап 2019 жылдың 31 шілдесіне дейін міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру түсімдері 195,7 млрд теңгені құрады.

 

ОНЫҢ ІШІНДЕ:

* 186,9 млрд теңге (шамамен 95,5%) жұмыс берушілердің аударымы;

  • 8,8 млрд теңге (4,5% жуық) – азаматтық-құқықтық сипаттағы шарттар бойынша жұмыс істейтін жеке кәсіпкерлер мен тұлғалардың жарнасы.

Өңірлер бойынша  ең көп сома бұрынғыша  Алматы және Нұр-Сұлтан қалаларынан, сондай-ақ Қарағанды облысынан түскен.

Бүгінде 17 млн-нан астам адам мәртебесі анықталды (2020 жылға қарай халықтың 94,5%  сақтандырылған болады)

10,9 млн. азамат жеңілдік жасалған 15 санатқа кіреді, олар  үшін қорға қаржыны  2020 жылдан бастап мемлекет төлейтін болады. Олардың қатарында зейнеткерлер, балалар, көп балалы аналар, әлеуметтік аз қамтылған топтар бар.

5,7 млн жалдамалы қызметкер бар, олар үшін 2017 жылдан бастап жұмыс беруші жарна төлейді

2020 жылдан бастап жұмысшылар жұмыс берушілер сияқты өздері үшін жарна төлей бастайды

2020 жылдан 800 мың жеке кәсіпкер және АҚҚ бойынша   келісім иелері өзі үшін жарна төлейді

120 мың өзін-өзі жұмыспен қамтығандар бірыңғай жиынтық төлем төлейді

1 млн  жуық адам  – сақтандырылмаған тұлғалар, олардың мәртебесі әлі белгісіз (бұл барлық халықтың 5,5% ).

!!! Олардың қатарында өзін-өзі жұмыспен қамтыған азаматтар мен дербес төлеушілер бар.

 

Жеңілдік жасалған санаттарға  мемлекет есебінен МӘМС  пакетіне, тіпті қымбат қызметтерге дейін қолжетімді болады:

18 жасқа дейінгі балалар, зейнеткерлер, мүгедектер, жүкті және көп балалы аналар стоматологиялық қызметтерді алатын болады

5 жасқа дейінгі балаларға, жүкті әйелдерге және босанған әйелдерге жедел жәрдем шақыруларын қоспағанда (МСАК деңгейінде)

65 жастан асқан адамдарға үйде қозғалыс шектелген кезде қызмет көрсетіледі (МСАК деңгейінде)

Балалар мен еңбекке қабілеті шектеулі адамдарға амбулаториялық жағдайларда және стационарларда медициналық оңалту қолжетімді болады

 

2019 жылдың 1 қыркүйегінен бастап МӘМС жобасы Премьер-Министрдің тапсырмасына сәйкес Қарағанды облысында пилоттық режимде іске қосылды. 2017 жылғы 12 шілдедегі Қаулы жобасы www.mz.gov.kz интернет-ресурста орналастырылған.

Пилотқа республикалық бюджеттен 2,3 млрд.теңге  қосымша қаражат бөлуді талап етеді.

  • Оның 1,8 млрд теңгесі еңбекке қабілетті ересек және 18 жасқа дейінгі балаларды кәсіби тексеруге бағытталады. 175 мыңнан астам адам жүрек-қантамыр жүйесі, қант диабеті, глаукома және вирустық гепатит ауруларын ерте анықтау үшін тексеруден өтуі тиіс. Балалар ашық профилактикалық тексердуен өтеді.

* Тағы 450 млн теңге инсульт, инфаркт, ауыр жарақат немесе күрделі ота жасаған адамдардың  оңалтудан өтуіне  жіберіледі. Өкінішке қарай, бұл көмек  Қазақстанда жеткілікті дамымаған. Тек қана Қарағанды облысында 3,4 мың тұрғын оңалтуды қажет етеді.

Пилот аясында  халыққа ТМККК жаңа моделі мен МӘМС пакеті шеңберінде еңбекке қабілетті халық үшін профилактикалық тексерулер және кеңейтілген оңалту сияқты қызметтер көрсетілетін болады.

Қарағанды облысының тұрғындары консультациялық-диагностикалық қызметтерге қол жеткізеді:

дені сау ересектерді профилактикалық тексеру

бейінді мамандарға балаларды арнайы тексеру

зертханалық және диагностикалық қызметтер

Стоматологиялық қызметтер (тек мүгедектерге, зейнеткерлерге, көп балалы аналарға және 18 жасқа дейінгі балаларға ғана қолжетімді).

МӘМС пилот тық/ апробациясы мәселелерді анықтауға және 2020 жылы МӘМС енгізгенге дейін оларды жедел түзетуге көмектеседі.

 

БЕС ПОЗИТИВТІ ӨЗГЕРІС

 

  1. МЕДИЦИНА ҚЫЗМЕТКЕРЛЕРІНІҢ ЖАЛАҚЫСЫ ӨСЕДІ

 

2019 ЖЫЛЫ МЕДИЦИНА ҚЫЗМЕТКЕРЛЕРІНІҢ ЖАЛАҚЫСЫ ЕКІ РЕТ ӨСТІ 

2019 жылдың 1 қаңтарынан бастап медициналық ұйымдардың табысы төмен  қызметкерлеріне ғана. Бұл 191 мың адам.

«Тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемі шеңберінде және МӘМС жүйесінде көрсетілетін медициналық қызмет тарифтерін бекіту туралы»  ҚР Денсаулық сақтау министрлігінің 05.09.2018 ж  № ҚР ДСМ-10  бұйырығы бойынша

1 маусымнан бастап жалақының 30%   артуы барлық медицина қызметкерлеріне қатысты болды, бұл шамамен 400 мың адам.

ҚР Тұңғыш Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың 2019 жылы 27 ақпанда өткен “Нұр Отан” партиясының XVIII съезіндегі  тапсырмасы.

Орташа жалақы 120-140 мың теңгені құрады.

 

МЫСАЛЫ:10-13 жыл жұмыс өтілі бар орташа дәрігер-гинекологтың жалақысын арттыру.  Сомада  бір ставка ғана көрсетілген,  сыйақылар және өзге де ынталандыратын төлемдер есепке алынбаған.

 

 

Категориялар тізімі Жалақы, теңге өсім
қазіргі қосылғаны теңге %
категориясыз 94 095 122 323 28 228 30%
екінші 106 164 138 014 31 849 30%
бірінші 111 031 144 340 33 309 30%
жоғары 122 516 159 271 36 755 30%

 

Денсаулық сақтау министрлігі мен МӘСҚ қорға түсетін қаражатты ескере отырып, 2020 жылдан бастап тарифтерді кезекті арттыру үшін қосымша есептеулер әзірлеуде.

2025 жылға қарай Қазақстандағы дәрігерлердің орташа жалақысы 500 мың теңгені құрауы тиіс.

Е. Біртанова: “біз дәрігерлерді  ынталандырып, ұстап отыруға болатындай жалақыға  ұмтыламыз. Табысы жоғар болса, мамандар  жоғары еңбекақы үшін басқа елдерге кетпейді”.

 

 

  1. МСАК бойынша жалпы практика дәрігерлеріне (ЖТД) жүктемені төмендету

Біз халыққа емхананың  қолжетімділігін қамтамасыз ету, учаскелерді ірілендіру және ЖПД жүктемесін төмендету бойынша жұмыс істейміз.

2020 жылға қарай жалпы практика дәрігерлеріне жүктеме қосымша учаскелер құру есебінен 2,2 мың адамнан 1,7 мыңға дейін төмендейді.

Осы жылдың соңына дейінгі жоспар:

МСАК 400 қосымша учаскелерін құру және 1 жалпы практика дәрігеріне жүктемені 1 626 адамға дейін төмендету.

“Қадамдық қолжетімділікте” МСАК шағын нысандарының 222 объектісін ашу және МСАК ұйымдарын МСАК 1 объектісіне 15 учаскеге дейін ірілендіру .

Халық үшін бұл кезекті  азайту және медициналық көмектің сапасын арттыру.

 

  1. Мемлекеттік МҰ-нан жеке клиникаларға кетіп жатқан кадрлар ағынын төмендету

Жалпы практика дәрігерлерінің жалақысын көтеру және жүктемені төмендету мемлекеттік емханалардағы кадрлық тұрақтылықты қамтамасыз етеді. Мамандардың тұрақты көші-қон мәселесі өздігінен жойылады.

Кадрлық тапшылық және бейінді мамандардың жетіспеушілігі мәселесі шешіледі – МСАК деңгейінде халыққа консультациялық-диагностикалық көмектің қолжетімділігі артады.

Өңірлік Денсаулық сақтау басқармаларының ақпараты бойынша 2019 жылдың 1 шілдесіне клиникалық бейіндегі мамандарға қажеттілік 5,9 мың адамды құрады, оның ішінде ауылдық жерлерде жұмыс істеу үшін бізде 2,4 мың бос жұмыс орны бар.

Біз бұл қажеттіліктіҢ 50% жабтық, 3,8 мың жас маманды бөлдік, оның ішінде 2,9 мың маман (77%) ауылға жіберілді.

 

  1. ӘР АДАМҒА ШАҚҚАНДАҒЫ ДЕНСАУЛЫҚ САҚТАУ ШЫҒЫНДАРЫН 83,7 % АРТТЫРУ

 

2020 жылы МӘМС жағдайында халықтың жан басына шаққандағы медициналық көмек шығындары 52,5 мыңнан 92,2 мың теңгеге дейін артады

МСАК деңгейіндегі шығындар 1226 теңгеден 1606 теңгеден (бір адамға) ұлғайтылатын болады.

Консультациялық-диагностикалық қызметтерге жұмсалатын шығындар 134 теңгеден 1609 теңгеге дейін, яғни 12 есе.

Стационарлық көмек шығындары 1457 теңгеден 1950 теңгеге дейін (бір адамға).

  1. ХАЛЫҚҚА ҚАЖЕТТІ ДӘРІ-ДӘРМЕК КӨЛЕМІН АРТТЫРУ

 

Амбулаториялық дәрі-дәрмекпен қамтамасыз ету шеңберінде дәрі-дәрмектерді орталықтандырылған сатып алу бойынша сақтандыру қорының жұмысы есебінен біз 23,4 млрд.теңге үнемдедік.

 

НӘТИЖЕСІНДЕ:

Осы қаражат есебінен емханалар мен жедел медициналық көмек қызметтерінің шығыстары ұлғайтылды

Қаражаттың бір бөлігі  дәрі-дәрмек сатып алу үшін және жоғары технологиялы медициналық қызмет көрсетуге жұмсалды

2020 жылы халықтың дәрі-дәрмекпен қамтамасыз етуге қол жетімділігі 2-ден 3,5 млн адамға дейін артады деп күтілуде.

 

БОЛАШАҚҚА БЕС ӨЗГЕРІС

 

  1. МЕДИЦИНАЛЫҚ КӨМЕКТІҢ ТИІМДІЛІГІН АРТТЫРУ

МӘМС бізге негізгі созылмалы инфекциялық емес аурулардан халықтың өлім-жітімі мен мүгедектігінің көрсеткіштерін төмендетуге мүмкіндік береді.

 

АНЫҚТАМА: соңғы 10 жылда онкология, қант диабеті, қан айналымы жүйесі аурулары, тыныс алу органдары аурулары, Қазақстанда психикалық бұзылулар сияқты өмір салтына байланысты аурулардың жаһандық таралуы аясында осы негізгі созылмалы инфекциялық емес аурулармен ауыратындардың саны 2,5 есеге өсті.

Әлемдегі өлім-жітімнің 70% жуығы созылмалы жұқпалы емес ауруларға байланысты –  жылына шамамен 40 миллион өлім-жітім болады.

Біз денсаулық сақтау жүйесін алғашқы медициналық-санитарлық көмекке қайта бағдарлауға ниеттіміз, соның нәтижесінде:

тәулік бойы стационарға негізсіз емдеуге жатқызу азаяды

ауруханаға жатқызу көрсеткіші жоқ пациенттер амбулаториялық деңгейге және қабылдау бөлімшелерінің деңгейіне көшетін болады.

Нұрсұлтан Назарбаев (2018 жыл10 қаңтар ,Жолдау):

“Қазіргі заманғы денсаулық сақтау қымбат тұратын стационарлық емге емес, аурулардың алдын алуға көбірек бағдарлануы тиіс”.

 

МСАК шығындары 40-тан 50% – ға дейін өседі.

Стационарлық көмек шығындары 323,2 млрд-тан 432,6 млрд теңгеге дейін артады.

Қаржыландыру бойынша консультациялық-диагностикалық көмек 6 есе өсті  – 29,7 млрд теңгегеден  180 млрд теңге дейін.

 

Сақтандырылған азаматтар үшін оңалту және қалпына келтіру емдеу бағдарламаларын кеңейтуге арналған шығыстар 2,7 есе өседі.

Сондай-ақ, аз шығынды стационарды алмастыратын көмектің қолжетімділігі артады.

Сақтандырылған азаматтарды амбулаториялық – дәрі-дәрмекпен қамтамасыз етуге, медициналық қызметтің  қолжетімділігі мен сапасын арттыруға 25% артық жұмсалатын болады.

 

  1. ХАЛЫҚТЫҢ ӨЗ ДЕНСАУЛЫҒЫ ҮШІН ОРТАҚ ЖАУАПКЕРШІЛІГІ

МӘМС енгізу ТМККК және МӘМС мәселелеріндегі өз құқықтары мен міндеттері туралы азаматтардың хабардар болуына әсер етеді.

Денсаулық сақтаудың барлық жүйесі аурулардың алдын алуға және оларды ерте кезеңде анықтауға бағытталатын болады. Ол үшін пакеттер тізбелерінде жарты жылда немесе жылына бір рет өтетін скринингтер мен мамандандырылған медициналық тексерулер қарастырылған.

Өткен жылы алғашқы медициналық-санитарлық көмек деңгейінде ауруларды басқару бағдарламасы құрылды. Бұл өз денсаулығын өзі бақылау және созылмалы ауруларды басқару дағдылары бойынша мектеп болады. Пациенттерді шұғыл жағдайларға жол бермеуге үйретеді.

Ауруды басқару бағдарламасына (АББ) артериялық гипертензия, созылмалы жүрек жеткіліксіздігі және қант диабеті сияқты аурулар кіреді. 2020 жылы тізімге өкпенің созылмалы обструктивті ауруы қосылады.

 

  1. ДЕНСАУЛЫҚ САҚТАУҒА ЖЕКЕ ИНВЕСТИЦИЯЛАРДЫ ТАРТУ

Денсаулық сақтау саласына бөлінетін қаржыны арттыру және медициналық сақтандыру қорының медициналық қызметтерді бірыңғай сатып алуы – бұл жеке инвесторларды мемлекеттік-жеке әріптестікке қатысуға ынталандыратын факторлардың бірі.

АНЫҚТАМА: 2020-2022 жылдарға арналған жоспарланған бюджет жобасында медициналық көмек шығындары 1 трлн 548 млрд теңгені құрайды.

Тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемін (ТМККК) қамтамасыз етуге 967,7 млрд теңге

Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыруды қамтамасыз етуге 580,3 млрд теңге(МӘМС)

Қаржыландыруды ұлғайту денсаулық сақтау жүйесінде өзгерістер тізбегін іске қосады:

ақша көп бөлінген сайын тарифтер де өседі;

тариф жоғары болса көп клиникалар  мемлекеттік медициналық тапсырысты орындауға келеді, сонымен қатар, кәсіпкерлер  жаңа клиникалар ашуға ынталанады;

клиникалар көп болған сайын, соғұрлым пациент үшін бәсекелестік көп, бәсекелестік жоғары болған сайын, халық үшін қызмет көрсету сапасының өсуі тез жүреді.

 

Екінші ынталандыру – бұл медициналық қызметтерге тарифтер құнының өсуі.

 

Тарифтер – бұл халықтың белгілі бір қызметке жұмсаған шығыстары емес, бұл тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемі (ТМККК) шеңберінде азаматтарға тегін көрсетілетін медициналық қызметтерге арналған мемлекеттің шығыстары.

 

МӘМС жүйесін енгізу шеңберінде тарифтерді есептеу әдістемесі өзгереді. 2021 жылдан бастап, мысалы, тарифтерде медициналық жабдықтарды амортизациялауға арналған шығындарды ескеру болжанып отыр.

Бүкіл жеке медициналық бизнес МӘМС енгізумен бірге тарифтердің өсуін де күтіп отыр. Олар консультациялық-диагностикалық көмекке, амбулаториялық дәрі-дәрмекпен қамтамасыз етуге, оңалтуға және паллиативтік көмекке, сондай-ақ жоғары технологиялық медициналық қызмет пен стационарды алмастыратын көмекке деген тапшылықты жоятынын және әріқарай дамуға мүмкіндік туатынын   түсінеді.

 

Жеке сектор  ТМККК қатысса:

кезек қысқарады

медициналық қызмет көрсету сапасы жақсарады.

Жеке бизнес үшін алдағы уақытта ақылы қызметтерге жүгінетін пациенттердің тұрақты ағыны қалыптасады

 

  1. МЕДИЦИНАЛЫҚ ҚЫЗМЕТ КӨРСЕТУШІЛЕР АРАСЫНДАҒЫ БӘСЕКЕЛЕСТІКТІ ЫНТАЛАНДЫРУ

МӘМС жүйесіне жеке сектордың қатысуы ММС Қорының жеткізуші ұйымдары, оның ішінде мемлекеттік ұйымдар арасында бәсекелестікті тудырады. Ал бәсекелестік – бұл сапа кепілі.

 

Қордың соңғы мәліметтері бойынша, 2018 жылмен салыстырғанда жеке жеткізушілердің саны 64 ұйымға артты.  Бүгінде мемлекеттік тапсырыс аясында 1416 медициналық ұйым қызмет көрсетеді, оның 708 -і жеке меншік.

Медициналық ұйымдар әрбір пациент үшін күресетін болады деп болжаймыз, өйткені қор медициналық ұйымдарға  көрсетілген қызметтер бойынша ақшадан төлейді.

  1. МЕДИЦИНАЛЫҚ КӨМЕККЕ ХАЛЫҚТЫҢ ҚАЛТА ШЫҒЫНДАРЫН ТӨМЕНДЕТУ

Қорға сақтандырылған азаматтарды сапалы және қымбат тұратын медициналық қызметтермен қамтамасыз ету бойынша негізгі шығындарды жіберу есебінен, азаматтардың өздерінің МӘМС жүйесіне қатысуы есебінен медициналық сақтандыру қорына жарналар мен аударымдарды аудару арқылы медициналық сақтандыру қорына жарналар мен аударымдарды аудару арқылы қалта шығыстары жүйе жұмысының алғашқы жылында айтарлықтай төмендетілетін болады.

2025 жылға қарай болжам бойынша олар 42% -дан 30% -ға дейін қысқарады.

Денсаулық сақтауға жұмсалатын жалпы шығындар бөлінісінде жеке шығыстар бүгінде ең көп үлесті алып отыр, шығыстардың 40%  астамы. Соңғы 7 жылда олар 3 есеге өсті – 2010 жылы 187,2 млрд теңгеден 2017 жылы 626,9 млрд теңгеге дейін. Бұл көрсеткіш Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы (ДДСҰ) ұсынған рұқсат етілген деңгейден екі есе жоғары.

 

МӘМС пакетінің тізімі өте ауқымды және денсаулық сақтаудың барлық деңгейін қамтитын, сондықтан қазақстандықтар осы пакет шеңберінде ала алатын медициналық қызметтерге жұмсауға тура келмейді.

Медициналық сақтандыру қоры екі пакет – ТМККК және МӘМС жаңа моделі шеңберінде халыққа медициналық қызмет көрсетудің сапасы мен қол жетімділігінің кепілі ретінде, қазақстандықтардың қымбат тұратын қызметтерге жұмсалатын шығындарын барынша азайтып отыр. ТМККК ЖӘНЕ МӘМС ПАКЕТТЕРІНДЕГІ МЕДИЦИНАЛЫҚ КӨМЕК

 

ТМККК ЖАҢА МОДЕЛІ

Пакеттер тізімі үкіметтің 2019 жылғы 20 маусымдағы қаулысымен бекітілді

  • № 420 (ТМККК)
  • № 421 (МӘМС)

Екі пакет те 2020 жылдың 1 қаңтарынан бастап МӘМС жүйесін толық масштабты іске қосу арқылы күшіне енеді.

 

ТМККК жаңа моделі халықты денсаулық сақтау қызметтерімен жалпыға бірдей қамту принципін сақтайды және медициналық сақтандыру жүйесіне қатысуына қарамастан әрбір қазақстандыққа қолжетімді болып қалатын медициналық қызметтердің барлық негізгі түрлерін қамтиды.

ТМККК жаңа моделі аясында келесі қызметтер қол жетімді:

Жедел жәрдем және санитарлық авиация;

Алғашқы медициналық-санитарлық көмек;

Шұғыл стационарлық көмек

Паллиативтік көмек;

Онкология және туберкулез кезінде дәрі-дәрмекпен қамтамасыз етуді қоса алғанда, әлеуметтік маңызы бар аурулар, негізгі созылмалы аурулар (25 топ) кезіндегі медициналық көмектің толық спектрі.

 

ӘЛЕУМЕТТІК МАҢЫЗЫ БАР ЖӘНЕ 25 НЕГІЗГІ СОЗЫЛМАЛЫ АУРУЛАР БОЙЫНША:

Консультациялық-диагностикалық көмек;

Амбулаториялық-дәрі-дәрмекпен қамтамасыз ету;

Стационарды алмастыратын көмек;

Жоспарлы стационарлық көмек;

Туберкулез кезіндегі медициналық оңалту.

 

МСАК ДЕҢГЕЙІНДЕ:

Халықтың нысаналы топтарын профилактикалық егу және медициналық тексеру (скринингтер)

1 жасқа дейінгі балаларды патронаждау

Жүктілікті бақылау

Созылмалы аурулары бар науқастарды динамикалық бақылау

Әлеуметтік маңызы бар аурулар кезіндегі медициналық-әлеуметтік көмек

Шұғыл медициналық көмек

Пациент жүгінген кезде МСАК маманын қабылдау және кеңес беру (жіті және созылмалы аурулардың асқынуы немесе асқынуы))

Салауатты өмір салты, репродуктивті денсаулық және отбасын жоспарлау мәселелері бойынша пациенттерге кеңес беру

Диагностикалық қызметтер, оның ішінде зертханалық диагностика

 

КДК ДЕҢГЕЙІНДЕ:

Динамикалық бақылауды қоса алғанда, әлеуметтік мәні бар аурулардан зардап шегетін адамдарға медициналық-әлеуметтік көмек

Динамикалық бақылауға жататын созылмалы аурулары бар адамдарды бейінді мамандармен қабылдау және кеңес беру

Диагностикалық қызметтер, оның ішінде зертханалық диагностика

ТМККК ағымдағы редакциясында қарастырылған халықтың әлеуметтік осал топтарына арналған шұғыл стоматология МӘМС пакетіне өтті

 

СТАЦИОНАРДЫ АЛМАСТЫРАТЫН КӨМЕК ДЕҢГЕЙІНДЕ:

Әлеуметтік маңызы бар ауруларды емдеу

Динамикалық бақылауға жататын созылмалы ауруларды емдеу

Тәулік бойы стационар жағдайында емдеуді қажет етпейтін диагноз қойғанға дейін стационардың қабылдау бөлімшесінде емдеу-диагностикалық іс-шаралар жүргізу

 

СТАЦИОНАРЛЫҚ КӨМЕК ДЕҢГЕЙІНДЕ:

Жедел айғақтары бойынша ауруханаға жатқызу (азаматтардың барлық санаттары)

Динамикалық бақылауға жататын негізгі созылмалы аурулар кезінде жоспарлы стационарлық көмек

Әлеуметтік маңызы бар ауруларды емдеу

Жұқпалы ауруларды және қауіп төндіретін ауруларды емдеу

 

ПАЛЛИАТИВТІК КӨМЕК ЖӘНЕ МЕЙІРБИКЕ КҮТІМІ, ҚАЛПЫНА КЕЛТІРУ ЕМІ ЖӘНЕ МЕДИЦИНАЛЫҚ ОҢАЛТУ:

Туберкулезді бастан кешкен адамдарға медициналық оңалту

Паллиативтік көмек:

* туберкулезбен ауыратындарға

* онкологиялық аурулармен ауыратындарға

* терминалдық кезеңдегі созылмалы аурулар

* тұрақты күтімді қажет ететін өзіне-өзі қызмет көрсетуге толық немесе ішінара қабілетсіз адамдарға

 АМБУЛАТОРИЯЛЫҚ-ДӘРІ-ДӘРМЕКПЕН ҚАМТАМАСЫЗ ЕТУ ДЕҢГЕЙІНДЕ:

Динамикалық бақылауға жататын созылмалы ауруларды емдеу үшін;

Әлеуметтік маңызы бар ауруларды емдеу үшін;

Мамандандырылған емдеу өнімдерімен, иммунобиологиялық препараттармен қамтамасыз ету

2019 жылы ТМККК шығындары 972,7 млрд теңгені немесе бір адамға 52,5 мың теңгені құрады.

2020 жылы ТМККК шығындары 967,7 млрд теңгені немесе бір адамға 51,2 мың теңгені құрайды.

КҮТІЛЕТІН НӘТИЖЕЛЕР:

Медициналық көмектің қолжетімділігі мен сапасын арттыру:

* жалпы практика дәрігерлерінің учаскелерін ірілендіру (2,2 мыңнан 1,7 мың адамға дейін)

* әлеуметтік маңызды және 25 негізгі созылмалы аурулар (онкология, туберкулез, АИТВ/ЖИТС, диабет, жүрек-қан тамырлары және т. б.) кезінде амбулаториялық дәрі-дәрмекпен қамтамасыз ету;

* халықты медициналық көмектің ең төменгі көлемімен толық қамту

* халықтың 70% зардап шегетін негізгі созылмалы жұқпалы емес аурулар кезінде тегін медициналық көмектің толық спектрін көрсету.

* қазақстандықтардың мемлекет кепілдік берген тегін медициналық қызметтер мен дәрі-дәрмектерге” қалта ” шығыстарын нақты төмендету

* пациенттерді өз денсаулығын өзі  бақылауға және денсаулықты басқарудың арнайы бағдарламаларына үйрету (АББ)

* ТМККК және МӘМС мәселелеріндегі өз құқықтары мен міндеттері туралы азаматтардың хабардар болуын арттыру

МӘМС пакетіне ТМККК-ден тыс медициналық қызметтер кіреді. Бұл қымбат зертханалық қызметтер мен тексерулер, кеңейтілген амбулаториялық дәрі-дәрмекпен қамтамасыз ету, стационарды алмастыратын медициналық көмек, жоспарлы емдеуге жатқызу, қалпына келтіру емі мен медициналық оңалту. Консультациялық-диагностикалық көмек: дені сау ересектерді профилактикалық тексеру, балаларды мамандандырылған тексеру, 18 жасқа дейінгі балаларға, мүгедектерге, зейнеткерлер мен көп балалы аналарға арналған стоматология.

МІНДЕТТІ ӘЛЕУМЕТТІК МЕДИЦИНАЛЫҚ САҚТАНДЫРУ

Пакеттер тізімі үкіметтің 2019 жылғы 20 маусымдағы қаулысымен бекітілді

  • № 420 (ТМККК)
  • № 421 (МӘМС)

 

МӘМС пакеті ТМККК-ден тыс медициналық көмек көрсетуді, сондай-ақ медициналық қызметтердің жаңа түрлерін көрсетуді көздейді.

Тек сақтандырылған азаматтарға қол жетімді

(2020 жылға қарай халықтың 94,5%  сақтандырылатын болады)

 

МӘМС ПАКЕТІНІҢ ТІЗІМІНЕ КІРЕДІ:

ТМККК шеңберінде ауруларды емдеуді қоспағанда ұсынылады:

Консультациялық-диагностикалық көмек (КДП))

Амбулаториялық-дәрі-дәрмекпен қамтамасыз ету

Стационарды алмастыратын көмек

Жоспарлы стационарлық көмек

Оңалту және қалпына келтіру емі

 

КДК ДЕҢГЕЙІНДЕ:

Дені сау ересектерді профилактикалық мамандандырылған  қарау

18 жасқа дейінгі балаларды профилактикалық мамандандырылған медициналық (скринингтік) тексеру – жылына 1 рет

Стоматология қызметтері (18 жасқа дейінгі балалар, мүгедектер, зейнеткерлер, көп балалы аналар үшін)

Дәрігер –мамандардың қабылдау, кеңес беруі және рәсімдер

МСАК деңгейінде динамикалық бақылауға жатпайтын созылмалы аурулары бар пациенттердің дәрігер-мамандарында бақылау

Зертханалық диагностика

 

СТАЦИОНАРДЫ АЛМАСТЫРАТЫН КӨМЕК ДЕҢГЕЙІНДЕ:

Емдеуге жатқызуға себеп болған ауруды және оның асқынуларын емдеу (эстетикалық пластикалық операцияларды қоспағанда)

Қозғалуы шектеулі адамдарға созылмалы аурулардың асқынуы мен жедел жағдайы кезінде үйде стационар ұйымдастыру

Бейінді мамандардың қарауы және кеңес беруі

Диагностикалық қызметтер, оның ішінде зертханалық диагностика

Жоғары технологиялық медициналық қызметтерді қолдану

 

 СТАЦИОНАРЛЫҚ КӨМЕК ДЕҢГЕЙІНДЕ:

Бейінді мамандарды қарау және кеңес беру

Диагностикалық қызметтер, оның ішінде зертханалық диагностика

Емдеуге жатқызуға себеп болған ауруды және оның асқынуларын емдеу (эстетикалық пластикалық операцияларды қоспағанда)

Қан және оның компоненттерімен қамтамасыз ету

Жоғары технологиялық медициналық қызметтерді қолдану

Медициналық оңалту және қалпына келтіру емі

Емдік тағам

ПАЛЛИАТИВТІК КӨМЕК ЖӘНЕ МЕЙІРБИКЕ КҮТІМІ, ҚАЛПЫНА КЕЛТІРУ ЕМІ ЖӘНЕ МЕДИЦИНАЛЫҚ ОҢАЛТУ:

Мамандандырылған орталықтардағы (оңалту бөлімшелерінде) ересектер мен балаларға кейінгі кезеңді медициналық оңалту)

Амбулаториялық жағдайда балалар мен мүгедектерге арналған медициналық оңалту

АМБУЛАТОРИЯЛЫҚ-ДӘРІ-ДӘРМЕКПЕН ҚАМТАМАСЫЗ ЕТУ ДЕҢГЕЙІНДЕ:

Ересектерге арналған жіті ауруларды емдеу

(Аурулардың 7 тобы)

Дәрілік заттарды қолдана отырып, амбулаториялық деңгейде стационарлық емдеуді ауыстыру

МСАК деңгейінде динамикалық бақылауға жататын ауруларды емдеу

(Аурулардың 12 тобы)

КДК деңгейінде динамикалық бақылауға жататын ауруларды емдеу (21 ауру тобы)

Амбулаториялық деңгейде дәрі-дәрмекпен қамтамасыз етудің халықаралық стандарттарына көшу

2020 жылы МӘМС шығындары 580 млрд теңгені немесе  сақтандырылған әр адамға 41 мың теңгені құрайды.

 КҮТІЛЕТІН НӘТИЖЕЛЕР:

Денсаулық сақтауды қаржыландыру 1,5 есеге артады

“Қалта” шығыстарының үлесі 2025 жылға қарай 42%-дан 30%-ға дейін төмендейді

 

Медициналық-санитариялық алғашқы көмек (МСАК) көрсетуге арналған шығыстар 40-тан 50%-ға дейін өседі. Халық қажетті тегін медициналық көмектің базалық көлемімен қамтамасыз етілетін болады.

Дені сау ересектер үшін профилактикалық тексерулер енгізілетін және басқару бағдарламалары шеңберінде аурулар тізімі кеңейтілетін болады (АББ)

Барынша үнемді және аз шығынды стационарды алмастыратын көмектің қолжетімділігі артады.

Стационарға жатқызу тек шұғыл жағдайларда немесе жоспарлы түрде, бірақ әлеуметтік маңызы бар, созылмалы немесе қоғам үшін қауіпті аурулар болған кезде ғана жүргізіледі.

Медициналық көмектің қолжетімділігі айтарлықтай артады

5 рет консультациялық-диагностикалық

* оңалту және қалпына келтіру 2,7 есе

* амбулаториялық-дәрілік. 2020 жылы тегін лек. 3,5 млн адамға дейін дәрі-дәрмекпен қамтамасыз етіледі.

 

  1. МЕДИЦИНАЛЫҚ САҚТАНДЫРУ ЖҮЙЕСІНЕ ҚАТЫСУ ШАРТТАРЫ

 

МІНДЕТТІ ӘЛЕУМЕТТІК МЕДИЦИНАЛЫҚ САҚТАНДЫРУ ЖҮЙЕСІНЕ НЕГЕ ҚАТЫСУЫМ КЕРЕК?

 

Бұл клиника мен дәрігерді еркін таңдауға, сондай-ақ жеке медициналық ұйымдарға сақтандыру бойынша жүгінуге  мүмкіндік береді; БІЛУ МАҢЫЗДЫ! МӘМС пакеті шеңберінде медициналық қызметтің ақысын  клиника ММС қорымен келісім-шарт жасаған жағдайда ғана сақтандыру қаражатынан толық жабылатын болады.

Сақтандыру қымбат емді, диагностиканы және операциялардың шығынын жабады, сол арқылы сақтандырылушының емделуге арналған қалталы шығындарын және өзге де  шығын болған жағдайда қаржылық тәуекелдерді төмендетеді.

Алынатын медициналық көмектің көлемі сақтандырылған адамның табысы мен жарналарының көлеміне байланысты емес.

Медициналық сақтандыру жүйесіне қатысушылар дәрілік заттардың кеңейтілген тізбесіне қол жеткізе алады және ММС қорының жеткізушілері болып табылатын дәріханалардан қажетті препараттарды ала алады. БҰНЫ БІЛУ МАҢЫЗДЫ! Дәрі МӘМС пакетінің тізіміне кіруі керек

МӘМС қатысушысы ретінде сапасыз қызмет көрсету немесе азаматтың құқықтары бұзылған жағдайда Қордың сақтандырылған азаматтардың құқықтары мен мүдделерін қорғауы

Жарналар мен алынған медициналық қызметтер туралы ай сайынғы ақпаратты алу мүмкіндігі

 

► МЕН САҚТАНДЫРУ ЖҮЙЕСІНЕ  ҚАЛАЙ ҚАТЫСА АЛАМЫН ЖӘНЕ САҚТАНДЫРЫЛҒАНЫМДЫ ҚАЛАЙ БІЛЕМІН?

Медициналық сақтандыру жүйесіндегі өз мәртебесін тексеру қажет:

* www.egov.kz сайтында ЖСН нөмірі бойынша немесе аумақтық ХҚКО-ға барып

  • Медициналық ұйымыңызға барып, медициналық ақпараттық жүйедегі мәртебеңізді тексеру

Егер мемлекет ақша  аударатын  жеңілдік жасалған  15 санаттың  біріне кірсеңіз, сіз автоматты түрде МӘМС қатысушысы боласыз

Егер сіз жалдамалы қызметкер болсаңыз және жұмыс беруші сіз үшін ақша аударатын болса, 2020 жылдан бастап жүйенің әлеуетті қатысушысы болып табыласыз

Жалдамалы қызметкерлер, жеке кәсіпкерлер, АҚК келісімшартшылары, өзін-өзі жұмыспен қамтыған азаматтар, дербес төлеушілер 2020 жылдан бастап өзіне жарна төлейді

 

ҚАЛАЙ ЖӘНЕ ҚАЙДА ТӨЛЕУГЕ БОЛАДЫ?

МӘМС үшін жарналарды “Азаматтарға арналған үкімет” мемкорпорациясының банктік шотына терминалдар, екінші деңгейдегі банктер немесе “Қазпошта” бөлімшелері арқылы қолма-қол ақшамен де, қолма-қол ақшасыз да төлеуге болады.

Жарна төлем жүргізілетін айды (кезеңді) міндетті түрде көрсете отырып, төлем төлеушінің өзі де, сондай-ақ ол үшін үшінші тұлғалар да төлей алады.

2-3 жұмыс күні ішінде қаражаттың қайтарылуын тексеру қажет. Мүмкін жіберілген қателері үшін қаражат аудару кезінде ЖСН немесе аты-жөні  дұрыс болмаса, төлем  10 АЕК асып кетсе ақша түспеуі мүмкін.

 

ЖАРНАНЫҢ МӨЛШЕРІ ҚАНДАЙ?

Қызметкерлер үшін жұмыс берушілердің аударымдары:

* 2018-2019 жылдары 1,5%

  • 2020-2021 жылдары 2% * 2022 жылдан бастап ЕТЖ – 3%

Қызметкерлердің жарналары:

* 2020 жылы жалақының 1%

* 2021 жылы 2%

  • 20% – әлеуметтік сақтандыру қорына

* 10% – төлеушінің тіркелген жері бойынша Мемлекеттік кірістер органдарына табыс салығын төлеуге

 

► МӘМС ҮШІН ТӨЛЕНГЕН ЖАРНАЛАР ҚАЙДА КЕТЕДІ?

МӘМС-ке келіп түскен барлық қаражат сенімгерлік басқару шарты жасалған Ұлттық банкте сақталады және кейіннен МӘМС шеңберінде көрсетілетін қызметтерді төлеуге жіберілетін болады

 

► ЕСТЕ САҚТАУ МАҢЫЗДЫ!!!

Заңды тұлғалар есептелген аударымдарды және/немесе жарналарды мемлекеттік корпорация арқылы кірістерді төлеу айынан кейінгі айдың 25-күнінен кешіктірмей қордың шотына аударады.

Егер Сіздің қызметкерлеріңіз  мемлекет есебінен жеңілдік жасалған санатқа  кіретін болса,  олар үшін төлем жасаудың қажеті жоқ .

 

 

 

 

 

 


  • 0

Міндетті медициналық қарап тексеруді өткізу қағидалары

Міндетті медициналық қарап тексеруді өткізу қағидаларын бекіту туралы

Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің м.а. 2015 жылғы 24 ақпандағы № 128 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2015 жылы 8 сәуірде № 10634 тіркелді.

“Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы” 2009 жылғы 18 қыркүйектегі Қазақстан Республикасы Кодексінің 155-бабының 4-тармағына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:

  1. Қоса беріліп отырған Міндетті медициналық қарап тексеруді өткізу қағидалары бекітілсін.
  2. Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің Тұтынушылардың құқықтарын қорғау комитеті заңнамада белгіленген тәртіппен:

1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;

2) осы бұйрық мемлекеттік тіркелгеннен кейін күнтізбелік он күн ішінде оның мерзімді баспасөз басылымдарында және “Әділет” ақпараттық-құқықтық жүйесінде ресми жариялауға жіберілуін;

3) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің ресми интернет-ресурсында орналастырылуын қамтамасыз етсін.

  1. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Ұлттық экономика вице-министріне жүктелсін.
  2. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күннен бастап күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының  
Ұлттық экономика  
министрінің м.а. М. Құсайынов

“КЕЛІСІЛГЕН”

Қазақстан Республикасының

Денсаулық сақтау және

әлеуметтік даму министрі

___________ Т. Дүйсенова

2015 жылғы 5 наурыз

  Қазақстан Республикасы
Ұлттық экономика министрінің
2015 жылғы 24 ақпандағы
№ 128 бұйрығымен бекітілген

 Міндетті медициналық қарап тексеруді өткізу қағидалары

 1-тарау. Жалпы ережелер

Ескерту. 1-тараудың тақырыбы жаңа редакцияда – ҚР Денсаулық сақтау министрінің м.а. 03.09.2018 № ҚР ДСМ-9 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік жиырма бір күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

  1. Осы Міндетті медициналық қарап тексеруді өткізу қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) міндетті медициналық қарап тексеруді өткізудің тәртібі мен кезеңділігін айқындайды. Осы Қағидаларды жеке және заңды тұлғалардың, сондай-ақ ведомстволық қатыстылығына және меншік нысанына қарамастан денсаулық сақтау субъектілерінің орындауы міндетті.
  2. Осы Қағидаларда мынадай негізгі ұғымдар пайдаланылды:

1) алдын ала медициналық тексеріп-қараулар – жұмысқа тұру немесе оқуға түсу алдында кәсіп немесе оқу бойынша міндеттерін орындауға жарамдылығын анықтау, сондай-ақ жалпы және кәсіптік аурулардың алдын алу мақсатында жүргізілетін міндетті медициналық тексеріп-қараулар;

2) мерзімдік медициналық тексеріп-қараулар –денсаулық жағдайына динамикалық қадағалауды қамтамасыз ету, аурулардың бастапқы белгілерін уақтылы анықтау, жалпы, кәсіптік, инфекциялық және паразиттік ауруларды таратпауды қамтамасыз ету мақсатында жүргізілеін міндетті медициналық тексеріп-қараулар;

3) халықтың декреттелген тобы – айналасындағыларға инфекциялық және паразиттік ауруларды жұқтыруы үшін барынша қауіп төндіретін қызмет көрсету саласында жұмыс істейтін адамдар;

4) жеке медициналық кітапша – халықтың декреттелген тобы өкіліне берілетін, міндетті медициналық тексеріп-қараулар нәтижелері жазылатын жұмысқа рұқсат туралы белгісі бар дербес құжат.

 2-тарау. Зиянды және (немесе) қауіпті заттармен және өндірістік факторлармен байланыста жұмыс істейтіндерді міндетті (алдын ала және мерзімдік) медициналық тексеріп-қарауларды жүргізу тәртібі

Ескерту. 2-тараудың тақырыбы жаңа редакцияда – ҚР Денсаулық сақтау министрінің м.а. 03.09.2018 № ҚР ДСМ-9 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік жиырма бір күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

  1. Міндетті медициналық тексеріп-қарауларды (алдын ала және мерзімдік) зертханалық және функционалдық зерттеулердің толық көлемін жүзеге асыру үшін білікті мамандармен және материалдық-техникалық ресурстары бар медициналық ұйымдар жүргізеді.
  2. Авиациялық персоналды (оқуға түсетін және ұшқыштарды даярлау жөніндегі авиациялық оқыту орталықтарында оқитын адамдар, әуе қозғалысына қызмет көрсететін авиадиспетчерлер, ұшқыштар, бортинженерлер (бортмеханиктер), штурмандар, авиадиспетчерлер, бортжолсеріктер, бортоператорлар, әуесқой ұшқыштар (ұшақ немесе тікұшақ), жеңіл авиация ұшқыштары, бортрадистер) міндетті медициналық тексеріп-қараулар осы Қағидалардың 10-тармағы, 13-тармағының 4-тармақшасы және 14-тармағының талаптарын сақтай отырып, “Қазақстан Республикасының азаматтық авиациясында медициналық куәландыру және қарап-тексеру қағидаларын бекіту туралы” Қазақстан Республикасының инвестициялар және даму министрінің 2017 жылғы 5 маусымдағы № 324 бұйрығына (Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде № 15325 болып тіркелген) сәйкес жүргізіледі.

Ескерту. 4-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Денсаулық сақтау министрінің м.а. 03.09.2018 № ҚР ДСМ-9 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік жиырма бір күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
 Параграф 1. Зиянды және (немесе) қауіпті заттармен және өндірістік факторлармен байланыста жұмыс істейтіндерді алдын ала медициналық тексеріп-қарауларды жүргізу тәртібі

  1. Міндетті алдын ала медициналық тексеріп-қарауларды жүргізуге қатысатын медициналық ұйымдардың медициналық қызметкерлері қызметкерді тексеріп-қарауды жүзеге асырады және тексерілушіні зертханалық зерттеуге жібереді.
  2. Міндетті алдын ала медициналық тексеріп-қараулардың деректері қызметкердің орындайтын жұмысқа (өндірістік практикаға) денсаулық жағдайының сәйкестігі немесе сәйкессіздігі туралы қорытындыны ресімдей отырып, амбулаторлық пациенттің Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің міндетін атқарушының 2010 жылғы 23 қарашадағы № 907 бұйрығымен (Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде № 6697) тіркелді (бұдан әрі – № 907 Бұйрық) бекітілген 025/е нысан бойынша медициналық картасына енгізіледі.
  3. Міндетті алдын ала медициналық тексеріп-қарауларды өткен және зиянды өндірістік факторлары бар жұмысқа жарамды болып танылған тұлғаларға № 907 Бұйрықпен бекітілген 086/е нысан бойынша медициналық анықтама беріледі.
  4. Денсаулық жағдайының жұмысты орындау үшін, оның ішінде оқитындардың оқу кезеңін өндірістік практикасында көзделген қажетті талаптарға сәйкестігі туралы қорытындыны оқу орындарында медициналық ұйым басшысының бұйрығымен тағайындалған жауапты медициналық қызметкер қабылдайды.

 Параграф 2. Зиянды және (немесе) қауіпті заттармен және өндірістік факторлармен байланыста жұмыс істейтіндерді міндетті мерзімдік медициналық тексеріп-қарауларды жүргізу тәртібі

  1. Міндетті мерзімдік медициналық тексеріп-қарауларды жүргізу кезеңділігі: жыл сайынғы медициналық тексеріп-қарау жылына 1 рет.
  2. Халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы (оның ішінде көліктегі) мемлекеттік орган ведомствосының аумақтық бөлімшелері:

1) міндетті медициналық тексеріп-қараулармен толық қамтуға, сапасына және уақтылы өткізуге бақылауды жүзеге асырады;

2) жұмыскерлердің міндетті медициналық тексеріп-қараулары нәтижелерін қорытындылауға қатысады;

3) медициналық ұйымның сұрауы бойынша еңбек жағдайының санитариялық-эпидемиологиялық сипаттамасын ұсынады.

  1. Орындалатын жұмысқа қарсы айғақ болып табылатын инфекциялық немесе паразиттік аурулар диагностикаланған, инфекциялық аурулардың қоздырғыштарын тасымалдаушылық анықталған жағдайда медициналық ұйымның жауапты медицина қызметкері халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы мемлекеттік органдарына ведомствасының аумақтық бөлімшесіне шұғыл хабарлама жібереді және науқасты емделуі үшін тұратын жері бойынша тиісті емдеу-профилактикалық ұйымына жібереді.
  2. Халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы (оның ішінде көліктегі) мемлекеттік орган ведомствосының аумақтық бөлімшелері тұлғаларды міндетті медициналық тексеріп-қарауды өтпеген жағдайда жұмыстан шеттетеді.
  3. Медициналық ұйым:

1) Халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы мемлекеттік орган ведомстволарымен келісілген міндетті мерзімдік медициналық тексеріп-қарауға жататын контингенттердің тізімдерін алған кезде міндетті мерзімдік медициналық тексеріп-қарау өткізу үшін комиссия құрады және дәрігерлік комиссия құрамын, әсер ететін зиянды өндірістік факторлардың ерекшеліктерін есепке ала отырып зертханалық және басқа да зерттеулердің түрі мен көлемін, дәрігерлік комиссия жұмысының уақыты мен мерзімін айқындайтын күнтізбелік жоспар құрады. Міндетті мерзімдік медициналық тексеріп-қараулар өткізетін медицина қызметкері болмағанда және жеткіліксіз болғанда қажетті зерттеулер қызметтің аталған түріне лицензиясы бар басқа медициналық ұйымдарда жүргізіледі. Жоспар ұйымның әкімшілігімен (жұмыс берушімен) келісіледі;

2) медициналық ұйымның басшысы дәрігерлік комиссия құрамын бекітеді, комиссияның төрағасы кәсіптік патология бойынша кәсіби қайта даярлығы және маман (кәсіптік патолог) сертификаты бар және міндетті мерзімдік медициналық тексеріп-қарау жүргізуге жауапты болып табылатын дәрігер-кәсіптік патолог болып табылады. Дәрігерлік комиссия құрамына өз мамандықтары шеңберінде кәсіптік патология бойынша даярлықтан өткен терапевт, хирург, невропатолог, отоларинголог, офтальмолог, дерматовенеролог, гинеколог, рентгенолог, функционалдық диагностика бойынша дәрігер, дәрігер-зертханашы медицина қызметкерлері кіреді. Дәрігерлік комиссияның жұмысына қажет болған жағдайда өз мамандықтары шеңберінде кәсіптік потология бойынша даярлықтан өткен басқа мамандар да (тіс дәрігері, кардиолог, аллерголог, эндокринолог, фтизиатр, гематолог) тартылады. Міндетті мерзімдік медициналық тексеріп-қарауларға қатысатын медицина қызметкерлері жұмыс беруші ұсынған кәсіптік қызметінің сипаттамасымен және жұмыскерлердің еңбек жағдайымен танысуы тиіс;

3) тоқсан сайын міндетті мерзімдік медициналық тексеріп-қарауларды өткізу бойынша медициналық ұйымның жұмысы туралы жиынтық есепті осы Қағидаларға 1-қосымшаға сәйкес халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы (оның ішінде көліктегі) мемлекеттік орган ведомствасының аумақтық бөлімшесіне ұсынады;

4) міндетті мерзімдік медициналық тексеріп-қараулар аяқталған соң ауыр жұмыстарда, зиянды (өте зиянды) және (немесе) қауіпті еңбек жағдайларында жұмыс істейтін жұмыскерлердің нәтижелерін қорытындылайды және осы Қағидаларға 2-қосымшаға сәйкес нысан бойынша 5 данада қорытынды акт жасайды, оны өткізілген міндетті мерзімдік медициналық тексеріп-қараудан кейін күнтізбелік 30 күн ішінде халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы (оның ішінде көліктегі) мемлекеттік органның аумақтық бөлімшесіне ұсынады. Актіге қосымшаларда басқа жұмысқа ауысу ұсынылған, стационарлық және санаториялық-курорттық емдеу, диеталық тамақтану, динамикалық бақылау көрсетілген адамдардың аты-жөні жазылған тізім беріледі. Қорытынды актілер қол қойылғаннан кейін орындалуы үшін ұйымның әкімшілігіне, кәсіподақ комитетіне, бақылау үшін халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы (оның ішінде көліктегі) мемлекеттік орган ведомствасының аумақтық бөлімшесіне, жұмыс үшін жұмыс берушінің орналасқан орны бойынша аумақтық медициналық ұйымдарға беріледі, бір данасы міндетті мерзімдік медициналық тексеріп-қарау өткізген медициналық ұйымда қалады;

5) міндетті мерзімдік медициналық тексеріп-қарау деректері денсаулық сақтау саласындағы № 907 Бұйрығымен бекітілген 025/е нысан бойынша амбулаториялық пациенттің медициналық картасына және осы Қағидаларға 3-қосымшаға сәйкес нысан бойынша амбулаториялық пациенттің медициналық картасына тіркелген қосымша параққа енгізіледі. Бұл ретте, міндетті мерзімдік медициналық тексеріп-қарауға қатысатын әрбір медицина қызметкері кәсіптік жарамдылық туралы өз қорытындысын береді. Амбулаториялық пациенттің медициналық картасының қосымша парағына кәсіптік бағдардың деректері енгізіледі. Жұмыстан шығу және басқа ұйымға ауысу кезінде амбулаториялық пациенттің міндетті медициналық тексеріп-қараулар деректері бар медициналық картасы жаңа жұмыс орны бойынша медициналық ұйымға беріледі. Міндетті мерзімдік медициналық тексеріп-қарау амбулаториялық пациенттің тұратын жері бойынша медициналық картасы немесе оның көшірмесі болған жағдайда жүргізілуі тиіс;

6) медициналық қарап тексеру түріне қарамастан, тұратын жерінің медициналық құжаттамасын есепке ала отырып, дәрігерлік комиссияның кәсіптік жарамдылық туралы сараптамалық қорытындысын ресімдейді. Бұл ретте зиянды және (немесе) қауіпті еңбек жағдайларында жұмыс істеуге қарсы айғақ болған адамдарға дәрігерлік комиссияның қорытындысы берілмейді. Сараптама қорытындысы үш жұмыс күні ішінде зиянды өндірістік факторлармен жұмыс істеуге қарсы айғақ болған адам бір мезгілде хабардар етіле отырып, жұмыс берушіге жіберіледі.

Ескерту. 13-тармаққа өзгеріс енгізілді – ҚР Ұлттық экономика министрінің 23.11.2016 № 485 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

  1. Жұмыс беруші:

1) 1 желтоқсаннан кешіктірмей, кейіннен халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы (оның ішінде көліктегі) мемлекеттік орган ведомствосының аумақтық бөлімшелерімен келісе отырып, осы Қағидаларға 3-1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2015 жылғы 28 ақпандағы № 175 бұйрығымен бекітілген (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 10987 болып тіркелген) Міндетті медициналық қарап тексеру өткізілетін зиянды өндірістік факторлардың, кәсіптердің тізбесін басшылыққа ала отырып міндетті медициналық қарап тексеруге жататын адамдардың тізімін жасайды;

2) өз қаражаты есебінен мерзімдік медициналық тексеріп-қарау өткізуді ұйымдастырады;

3) кәсіпорынға қызмет көрсететін медициналық ұйыммен немесе жұмыс берушінің орналасқан жері бойынша аумақтық медициналық ұйыммен бірлесіп, кәсіптік аурулармен ауыратын және оларға күдікті адамдарды терең зерттеу және кәсіби патология орталықтарына емдеу үшін медициналық ұйымға уақтылы жіберуді қамтамасыз етеді;

4) кәсіпорынға қызмет көрсететін медициналық ұйыммен немесе жұмыс берушінің орналасқан жері бойынша аумақтық медициналық ұйыммен бірлесіп, жыл сайын халықтың санитариялық-эпидемиологиялық салауаттылығы саласындағы (оның ішінде көліктегі) мемлекеттік орган ведомствосының аумақтық бөлімшесімен келісілген, анықталған науқастарды сауықтыру жөніндегі іс-шаралар жоспарын әзірлейді.

Ескерту. 14-тармаққа өзгеріс енгізілді – ҚР Ұлттық экономика министрінің 23.11.2016 № 485 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

  1. Кәсіпорынға қызмет көрсететін медициналық ұйымның немесе жұмыс берушінің орналасқан жері бойынша аумақтық медициналық ұйымның міндетті мерзімдік медициналық тексеріп-қарау нәтижелері бойынша кейін жұмыскердің диспансерлік топтардың біріне тиесілілігін анықтай отырып және кәсіптік аурулардың және әлеуметтік маңызды аурулардың профилактикасы бойынша ұсынымдарды ресімдей отырып – одан әрі бақылау, емдеу және оңалту бойынша:

1) оңалтуды қажет етпейтін дені сау жұмыскерлер;

2) әртүрлі ағзалары мен жүйелерінде тұрақты емес функционалдық өзгерістері бар, іс жүзінде дені сау жұмыскерлер;

3) жалпы аурулардың бастапқы түрлерімен ауыратын жұмыскерлер;

4) мамандығында жұмысын жалғастыруға қарсы айғақ болып табылатын, сонымен қатар қарсы айғақ болып табылмайтын жалпы аурулардың айқын түрлері бар жұмыскерлер;

5) организмге зиянды өндірістік факторлар әсерінің белгілері бар жұмыскерлер;

6) кәсіптік аурулардың белгілері бар жұмыскерлер топтар құрылады.

  1. Жұмыс берушінің орналасқан жері бойынша аумақтық медициналық ұйым кәсіпорынға қызмет көрсететін медициналық ұйым болмаған жағдайда одан әрі диспансерлік тексеру үшін жұмыскерлердің тұратын жері бойынша медициналық ұйымдарға диспансерлік тексерудің қалыптасқан топтарынан тұлғалардың тізімдерін жібереді.

Кәсіпорынға қызмет көрсететін медициналық ұйымда немесе жұмыс берушінің орналасқан жері бойынша аумақтық медициналық ұйымда міндетті мерзімдік медициналық тексеріп-қарау нәтижелері бойынша диспансерлік тексеруге әртүрлі ағзалары мен жүйелерінде тұрақты емес функционалдық өзгерістері бар, іс жүзінде дені сау жұмыскерлер, жалпы аурулардың бастапқы түрлерімен ауыратын жұмыскерлер; мамандығында жұмысын жалғастыруға қарсы айғақ болып табылатын және қарсы айғақ болып табылмайтын жалпы аурулардың айқын түрлері бар жұмыскерлер жатады.

  1. Мамандығында жұмысты жалғастыруға қарсы айғақ болып табылатын және қарсы айғақ болып табылмайтын жалпы аурулардың айқын түрлері бар жұмыскерлер емдеу-оңалту бейініндегі медициналық ұйымдарға оңалтуға жіберіледі, содан кейін оларға қатысты кәсіптік жарамдылыққа сараптау жүргізіледі. Медициналық оңалту кезеңінен кейін еңбекке жарамды деп танылған жұмыскерлер жалпы аурулардың алғашқы түрлері бар адамдар тобында диспансерлік бақылауға жатады.
  2. Организмге зиянды өндірістік факторлардың әсер ету белгілері және кәсіптік аурулар белгілері бар жұмыскерлер аурудың мамандықпен байланысын белгілеу бойынша қызметті жүзеге асыратын медициналық ұйымға жіберіледі.
  3. Кәсіптік аурулармен ауыратын адамдар өнеркәсіптік кәсіпорынға қызмет көрсететін немесе тұратын жері бойынша медициналық ұйымның кәсіптік патологында диспансерлік есепте тұрады.
  4. Міндетті мерзімдік медициналық тексеріп-қарау нәтижелері бойынша жұмыскерлерді емдеуге жатқызу мынадай үш негізгі кезеңнен тұратын кезеңдік оңалту қағидалары негізінде жүзеге асырылады:

1) бірінші кезең: өнеркәсіптік кәсіпорындар жанындағы денсаулық сақтау пункттерінде, санаторий-профилакторийлерде іс жүзінде дені сау жұмыскерлерде аурулардың профилактикасы бойынша іс-шаралар;

2) екінші кезең: “тәуекел тобы” адамдарын: суық тиіп жиі және ұзақ ауыратын, әртүрлі функционалдық бұзылулары бар, жалпы аурулардың алғашқы түрлері бар, кәсіптік аурулардың клиникаға дейінгі белгілері бар адамдарды диспансерлік бақылауды және санаториялық-курорттық сауықтыру кезеңін міндетті түрде қоса отырып, амбулаториялық және стационарлық жағдайларда тұрақты профилактикалық емдеу жолымен медициналық оңалту;

3) үшінші кезең: кәсіптік аурулары бар науқастарды, оның ішінде осы аурулардың салдарынан мүгедек болған адамдарды аурудың мамандықпен байланысын белгілеу бойынша қызметті жүзеге асыратын медициналық ұйым жағдайларында, қызметтің осы түріне лицензиясы бар санаторийлік-курорттық сауықтыру орындарында оңалту.

  1. Кәсіпорындардағы науқастарды, жұмыскерлерді емдеуге жатқызуды және медициналық оңалтуды бақылау аумақтық медициналық ұйымдарды және кәсіпорындарға қызмет көрсетуді жүзеге асыратын медициналық ұйымдарды тарта отырып, облыстық (қалалық) кәсіптік патология кабинеттеріне жүктеледі.
  2. Кәсібі бойынша міндеттерді орындауға жарамдылықты анықтау кезінде жалпы медициналық қарсы айғақтарды денсаулық сақтау саласындағы уәкілетті орган белгілейді.

 3-тарау. Халықтың декреттелген тобына міндетті медициналық қарап-тексеруді өткізу тәртібі

Ескерту. 3-тараудың тақырыбы жаңа редакцияда – ҚР Денсаулық сақтау министрінің м.а. 03.09.2018 № ҚР ДСМ-9 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік жиырма бір күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

  1. Міндетті медициналық тексеріп-қарауларды, зертханалық зерттеулерді көрсетілген медициналық қызмет түрлеріне арналған мемлекеттік лицензиясы бар медициналық ұйымдар жүргізеді.
  2. Жұмысқа рұқсатты міндетті медициналық тексеріп-қарауларды жүргізуге арналған мемлекеттік лицензиясы бар ұйымдар береді.
  3. Міндетті медициналық тексеріп-қарауларды жүзеге асыратын ұйым басшысының бұйрығымен міндетті медициналық тексеріп-қарауларды жүргізуге, жұмысқа рұқсат беруге жауапты тұлға (терапевт дәрігер) тағайындалады.
  4. Міндетті медициналық тексеріп-қараулардың және зертханалық зерттеулердің нәтижелері жеке медициналық кітапшаларды беру, есепке алу мен жүргізу тәртібін Кодекстің 155-бап 10-тармағына сәйкес халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы мемлекеттік орган бекіткен медициналық кітапшада жазылады.
  5. Инфекциялық немесе паразиттік аурулар диагностикаланған, сондай-ақ жұмысты орындауға (іріктеуге) берілетін рұқсатқа қарсы айғақ болып табылатын инфекциялық аурулар қоздырғыштарын тасымалдау анықталған жағдайда рұқсат беруге жауапты тұлға науқасты емдеу үшін тұрақты мекенжайы бойынша тиісті емдеу-профилактиткалық ұйымына жібереді.
  6. Декреттелген тұлғаларға жеке медициналық кітапшаларға жұмысқа рұқсат беру белгісі қойылған соң жұмыс істеуге рұқсат етіледі.
  7. Жұмыскерлердің жеке медициналық кітапшалары жұмыс орнында сақталуы тиіс.
  8. Жауапты тұлға және зертхана мамандары медициналық тексеріп-қараулардың, зертханалық зерттеулердің растығы мен сапасын, сондай-ақ инфекциялық, паразиттік аурулар мен бактерия тасымалдау диагнозы қойылған жағдайда халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы мемлекеттік орган ведомствасының құрылымдық бөлімшесіне шұғыл хабарлама жіберуді қамтамасыз етеді.
  9. Міндетті медициналық тексеріп-қарауларға жататын жұмыскерлердің тізбесі, сондай-ақ эпидемиологиялық маңызды объектілерде жұмыс істейтін тұлғаларды зертханалық және функционалдық зерттеулердің жиілігі мен көлемі осы Қағидаларға 4-қосымшада көрсетілген.
  10. Алып тасталды – ҚР Ұлттық экономика министрінің 23.11.2016 № 485 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
  11. Әкімшілік шаруашылық қызметтің жұмыскерлері: бухгалтер, күзетші, аула сыпырушы, күзет қызметі, қызметтік-әкімшілік үй-жайларды жинайтын техникалық персонал халықтың декреттелген тобының тізбесіне кірмейді.

Ескерту. 3-тарау 34-тармақпен толықтырылды – ҚР Ұлттық экономика министрінің 23.11.2016 № 485 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

  1. Эпидемиологиялық маңызды объектілерде жұмыс істейтін тұлғалардың зертханалық және функциялық зерттеулерінің жиілігі мен көлемі осы Қағидаларға 4-қосымшаға сәйкес жүргізіледі.
  Міндетті медициналық
қарап тексеруді өткізу
қағидаларына 1-қосымша

Нысан

 20__ жылғы __________ тоқсанға мерзімдік медициналық тексеріп-қарауды жүргізу туралы денсаулық сақтау субъектісінің есебі

Атауы Тексеруге жатады Тексерілді  Кәсіптік ауруларға күдікті адамдар анықталды
Барлығы Әйелдер Барлығы Әйелдер Барлығы Әйелдер
             
             

 

 Соматикалық аурулармен анықталды Оның ішінде алғаш анықталды Қажет етеді Стационарлық тексеруге және емдеуге жіберілді
Барлығы Әйелдер Барлығы Әйелдер  уақытша ауыстыруды  тұрақты ауыстыруды
         

 

Денсаулық сақтау субъектісінің басшысы ________________________

Т.А.Ә. Қолы

  Міндетті медициналық
қарап тексеруді өткізу
қағидаларына 2-қосымша

Нысан

 ҚОРЫТЫНДЫ АКТ
20______ жылғы “____” ___________

20______ жылы __________________________________ жұмыскерлеріне

(ұйымның (кәсіпорынның), цехтың атауы)

өткізілген мерзімдік медициналық тексеріп-қарау (зерттеу) нәтижелері

бойынша мыналардың қатысуымен қорытынды акт жасалды:

Дәрігерлік комиссияның төрағасы________________________________

(Т.А.Ә., лауазымы)

Халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы

саласындағы мемлекеттік орган ведомствосының аумақтық бөлімшесінің

еңбек гигиенасы жөніндегі маманы ____________________________________

(Т.А.Ә., лауазымы)

Жұмыс берушінің өкілі _________________________________________

еңбек ұжымы өкілінің (Т.А.Ә., лауазымы)

  1. Ұйым (кәсіпорын), цех жұмыскерлерінің саны:
барлығы  
оның ішінде әйелдер  

 

  1. Ұйымның (кәсіпорынның), цехтың зиянды және (немесе) қауіпті

заттармен және өндірістік факторлармен жұмыс істейтін, сондай-ақ

жұмыстардағы* жұмыскерлерінің саны:

барлығы  
оның ішінде әйелдер  

 

  1. Мерзімдік медициналық тексеріп-қарауға (зерттеуге) жататын

зиянды және (немесе) қауіпті заттармен және өндірістік факторлармен

жұмыс істейтін, сондай-ақ осы жылғы жұмыстардағы жұмыскерлердің саны:

барлығы  
оның ішінде әйелдер  

 

  1. Мерзімдік медициналық тексеріп-қараудан (зерттеуден) өткен жұмыскерлер саны:
барлығы  
оның ішінде әйелдер  

 

  1. Мерзімдік медициналық тексерумен қамтылу %:
барлығы  
оның ішінде әйелдер  

 

  1. Мерзімдік медициналық тексеріп-қарауды (зерттеуді)

аяқтамаған/өтпеген жұмыскерлер саны:

барлығы  
оның ішінде әйелдер  

 

Мерзімдік медициналық тексеріп-қарауды (зерттеуді) аяқтамаған

жұмыскерлердің аты-жөні жазылған тізім:

Тегі, аты, әкесінің аты Кәсіпорынның бөлімшесі
1    
2    

 

  1. Мерзімдік медициналық тексеріп-қараудан (зерттеуден) өтпеген

жұмыскерлер саны:

барлығы,  
оның ішінде әйелдер  
оның ішінде себептер бойынша жалпы санның:  
уақытша еңбекке жарамсыздық парағы  
іссапар  
кезекті демалыс  
жұмыстан босату  
өтуден бас тарту  

 

Мерзімдік медициналық тексеруден (зерттеуден) өтпеген

жұмыскерлердің аты-жөні жазылған тізім:

Тегі, аты, әкесінің аты Кәсіпорынның бөлімшесі Себебі
1      
2      

 

  1. Осы мерзімдік медициналық тексеріп-қарау (зерттеу)

нәтижелері бойынша қорытынды

№ 1 жиынтық кесте

Мерзімдік медициналық тексеріп-қарау (зерттеу) нәтижелері Барлығы Оның ішінде әйелдер
Зиянды және (немесе) қауіпті заттармен және өндірістік факторлармен жұмысқа, жұмыс түрлеріне кәсіптік жарамды адамдар саны *    
Зиянды және (немесе) қауіпті заттармен және өндірістік факторлармен жұмысқа, жұмыс түрлеріне уақытша кәсіптік жарамсыз адамдар саны *    
Зиянды және (немесе) қауіпті заттармен және өндірістік факторлармен жұмысқа, жұмыс түрлеріне тұрақты кәсіптік жарамсыз адамдар саны *    
Толық зерттеуді қажет ететін адамдар саны (қорытынды берілмеген)    
Кәсіптік ауруға күдікті адамдар саны    
Кәсіптік патология орталығында тексеруді қажет ететін адамдар саны    
Амбулаториялық тексеруді және емдеуді қажет ететін адамдар саны    
Стационарлық тексеруді және емдеуді қажет ететін адамдар саны    
Санаторийлік-курорттық емдеуді қажет ететін адамдар саны    
Емдеу-профилактикалық тамақтануды қажет ететін адамдар саны    
Диспансерлік бақылауды қажет ететін адамдар саны    

 

2 жиынтық кесте

Т.А.Ә. Жынысы Туған жылы Учаске Кәсібі Зиянды және (немесе) қауіпті заттар және өндірістік факторлар, жұмыс түрлері** Зиянды және (немесе) қауіпті заттар және өндірістік факторлар, жұмыс түрлерімен жұмыс өтілі ** АХЖ-10 бойынша ауру сыныбы, диспансерлік бақылау тобы
1                
2                

 

Кестенің жалғасы

Ауру алғаш рет анықталды Жұмыстарға кәсіптік жарамды * Жұмыстарға уақытша кәсіптік жарамсыз * Жұмыстарға тұрақты кәсіптік жарамсыз * Қорытынды берілген жоқ Кәсіптік патология орталығында зерттеуді қажет етеді
           
           

 

Кестенің жалғасы

Амбулаториялық тексеруді және емдеуді қажет етеді Стационарлық тексеруді және емдеуді қажет етеді Санаторийлік-курорттық емдеуді қажет етеді Емдеу-профилактикалық тамақтануды қажет етеді Диспансерлік бақылауды қажет етеді
         
         

 

  1. Кәсіптік ауруға күдікті тұлғалар анықталды:
Р/с № Т.А. Ә. Кәсіпорынның бөлімшесі Кәсібі, лауазымы Зиянды және (немесе) қауіпті заттар және өндірістік факторлар
1        
2        

 

  1. Өмірінде бірінші рет соматикалық аурулар анықталды:
АХЖ-10 бойынша ауру сыныбы Жұмыскерлер саны (барлығы)
1    
2    

 

  1. Өмірінде бірінші рет созылмалы кәсіптік аурулар анықталды:
АХЖ-10 бойынша ауру сыныбы Жұмыскерлер саны (барлығы)
     
     

 

  1. Жұмыскерлерге өткізілген мерзімдік медициналық

тексеріп-қарау (зерттеу) нәтижелері бойынша 20___жылғы “___”

__________ алдыңғы қорытынды актінің ұсынымдарын орындау нәтижелері.

Іс-шаралар Жатқаны (адам) Орындалды
абс. %-бен
1 Кәсіптік патология орталығында зерттеу      
2 Толық зерттеу      
3 Амбулаториялық емдеу және зерттеу      
4 Стационарлық емдеу және зерттеу      
5 Санаторийлік-курорттық емдеу      
6 Диеталық тамақтану      
7 Диспансерлік бақылауға алынды      

 

  1. Жұмыс берушіге ұсынымдар: санитариялық-профилактикалық және сауықтыру іс-шаралары және т.б.: ____________________________________

Ескертпе:

* Зиянды факторлар тізбесіне және Жұмыстар тізбесіне сәйкес зиянды және/немесе қауіпті өндірістік факторлар мен жұмыстар.

** Зиянды факторлар тізбесіне және Жұмыстар тізбесіне сәйкес зиянды және/немесе қауіпті өндірістік факторлар мен жұмыстар тармақтарын санамалау.

Қолдары:

Дәрігер (кәсіптік патолог, терапевт) __________________________

Халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы

саласындағы мемлекеттік орган маманы ________________________________

Жұмыс берушінің өкілі _________________________________________

Ұйымның кәсіподақ комитетінің өкілі ___________________________

Денсаулық сақтау субъектісінің басшысы ________________________

Мөр орны Т.А.Ә________________________________ Қолы ___________

Халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы

саласындағы мемлекеттік органының басшысы ___________________________

Мөр орны Т.А.Ә________________________________ Қолы ___________

Ұйым басшысы (жұмыс беруші) ___________________________________

Мөр орны Т.А.Ә________________________________ Қолы ___________

Ұйымның кәсіподақ комитетінің төрағасы_________________________

Мөр орны Т.А.Ә________________________________ Қолы ___________

Міндетті медициналық

қарап тексеруді өткізу

қағидаларына 3-қосымша

Нысан

 Медициналық тексеріп-қараудың қосымша парағы
№ _____________

  1. Медициналық тексеріп-қарау өткізілген күн __________________
  2. Кәсіпорынның атауы: ________________________________________
  3. Құрылымдық бөлімшенің атауы (цех, учаске, бөлім, бөлімше

және т.б.)___________________________________________________________

  1. Жұмысшының Т.А.Ә., туған күні мен жылы, тұратын жері,

қазіргі уақыттағы кәсібі немесе лауазымы ____________________________

  1. Жалпы жұмыс өтілі __________________________________________

(жылдар саны көрсетіледі)

  1. Кәсіптегі жұмыс өтілі ______________________________________

(жылдар саны көрсетіледі)

  1. Қазіргі уақыттағы еңбек жағдайлары
Зиянды және қауіпті өндірістік фактордың атауы Фактормен жұмыс істеу өтілі (айтуы бойынша)
   
   

 

  1. Кәсібі бойынша барлық еңбек жолы
Жұмыстың басталу және аяқталу айы мен жылы Жұмыс ұзақтығы Кәсіпорын Кәсіп
       
       

 

  1. Алдын ала (мерзімдік) медициналық тексеріп-қарау (зерттеу) қорытындылары:
Р/с
Тексеріп-қараулар (мамандар) Орындалу күні Тексеру нәтижелері бойынша қорытынды (жарамды, жарамсыз, қорытынды берілмеді)
1      
2      

 

Р/с № Зерттеулер (талдаулар) Орындалу күні Тексеру нәтижелері бойынша қорытынды (жарамды, жарамсыз, қорытынды берілмеді)
       
       

 

  1. Еңбекке жарамдылық туралы қорытынды: алдын ала медициналық тексеріп-қарау кезінде: жарамды, жарамсыз (керегінің астын сызу керек) мерзімдік медициналық тексеріп-қарау кезінде: өз кәсібі бойынша еңбекке жарамды, басқа жұмысқа ____ ай мерзіміне уақытша ауысу, басқа жұмысқа тұрақты ауысу (керегінің астын сызу керек)
  2. Ұсынымдар:

Емханада зерттеу және емдеу; стационарда зерттеу және емдеу; жоғары мамандандырылған медициналық көмек көрсететін медициналық ұйымға жіберу; санаторийлік-курорттық емдеуге жіберу (керегінің астын сызу керек)

МО

Берілген күні ______________

Комиссия төрағасының қолы

  Міндетті медициналық қарап
тексеруді өткізу қағидаларына
3-1-қосымша
  Нысан

 Міндетті медициналық қарап тексерулерге жататын адамдардың тізімі

Ескерту. Қағида 3-1-қосымшамен толықтырылды – ҚР Ұлттық экономика министрінің 23.11.2016 № 485 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

 

ТАӘ Туған күні Жынысы Объект немесе учаске Атқаратын лауазымы Жалпы өтілі Атқаратын лауазымы бойынша өтілі Соңғы қарап тексерілген күні Кәсіптік зияндылығы Ескертпе
1 2 3 4 5 6 7 8 9 10 11

 

  Міндетті медициналық қарап
тексеруді өткізу қағидаларына
4-қосымша

 Міндетті медициналық дәрігерлік қарап тексерулерге жататын жұмыскерлердің тізбесі, сондай-ақ эпидемиологиялық маңызды объектілерде жұмыс істейтін тұлғаларды зертханалық және функционалдық зерттеулердің жиілігі мен көлемі

Ескерту. Қағиданың 4-қосымшасы жаңа редакцияда – ҚР Ұлттық экономика министрінің 23.11.2016 № 485 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); өзгеріс енгізілді – ҚР Денсаулық сақтау министрінің м.а. 03.09.2018 № ҚР ДСМ-9 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік жиырма бір күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрықтарымен.

Орындалатын жұмыстар тізбесі Алдын ала медициналық қарап тексерулер (жұмысқа тұру кезінде) Мерзімдік медициналық қарап тексерулер
Дәрігерлік қарап тексеру, зертханалық және функционалдық зерттеулер Қарап тексерулердің мерзімділігі Дәрігерлік қарап тексеру, зертханалық және функционалдық зерттеулер
1 2 3 4 5
1 Қоғамдық тамақтану объектілерінің жұмыскерлері Дәрігерлік қарап тексеру:
терапевт, дерматовенеролог;
Зертханалық және функционалдық зерттеулер: флюорография; гельминт жұмыртқаларына зерттеп-қарау; ішек инфекциялары: дизентерия, сальмонеллез, іш сүзегі, А және В паратифтері қоздырғыштарын тасымалдауына зерттеп-қарау; патогенді стафилококкты тасымалдауына зерттеп-қарау; мерезге зерттеп-қарау
Әрбір 12 айдан кейін Зертханалық және функционалдық зерттеулер: флюорография; гельминт жұмыртқаларына зерттеп-қарау
Әрбір 6 айдан кейін Дәрігерлік қарап тексеру:
терапевт, дерматовенеролог;
Зертханалық және функционалдық зерттеулер: ішек инфекциялары: дизентерия, сальмонеллез, іш сүзегі, А және В паратифтері қоздырғыштарын тасымалдауына, патогенді стафилококкты тасымалдауына зерттеп-қарау; мерезге зерттеп-қарау
2 Тамақ өнеркәсібі объектілерінің жұмыскерлері Дәрігерлік қарап тексеру:
терапевт, дерматовенеролог;
Зертханалық және функционалдық зерттеулер: флюорография;
ішек инфекциялары: дизентерия,
сальмонеллез, іш сүзегі,
А және В паратифтері қоздырғыштарын тасымалдауына зерттеп-қарау; мерезге зерттеп-қарау
 Әрбір 12 айдан кейін Дәрігерлік қарап тексеру:
терапевт, дерматовенеролог;
Зертханалық және функционалдық зерттеулер: флюорография;
ішек инфекциялары: дизентерия,
сальмонеллез, іш сүзегі,
А және В паратифтері қоздырғыштарын тасымалдауына; мерезге зерттеп-қарау
3 Азық-түлік сауда объектілерінің жұмыскерлері, азық-түлік тауарларын тасымалдаумен айналысатын адамдар Дәрігерлік қарап тексеру:
терапевт
Зертханалық және функционалдық зерттеулер: флюорография;
гельминт жұмыртқаларына зерттеп-қарау;
ішек инфекциялары: дизентерия,
сальмонеллез, іш сүзегі,
А және В паратифтері қоздырғыштарын тасымалдауына зерттеп-қарау
 Әрбір 12 айдан кейін Дәрігерлік қарап тексеру:
терапевт
Зертханалық және функционалдық зерттеулер: флюорография;
гельминт жұмыртқаларына зерттеп-қарау;
ішек инфекциялары: дизентерия,
сальмонеллез, іш сүзегі,
А және В паратифтері қоздырғыштарын тасымалдауына зерттеп-қарау
4 Кремді-кондитерлік өндірістер мен балалар сүт ас үйлерінің жұмыскерлері Дәрігерлік қарап тексеру:
терапевт, дерматовенеролог;
Зертханалық және функционалдық зерттеулер: флюорография; гельминт жұмыртқаларына зерттеп-қарау; ішек инфекциялары: дизентерия, сальмонеллез, іш сүзегі, А және В паратифтері қоздырғыштарын тасымалдауына зерттеп-қарау; патогенді стафилококкты тасымалдауына зерттеп-қарау;мерезге зерттеп-қарау
Әрбір 12 айдан кейін Зертханалық және функционалдық зерттеулер: флюорография; гельминт жұмыртқаларына зерттеп-қарау;
 Әрбір 6 айдан кейін Дәрігерлік қарап тексеру:
терапевт, дерматовенеролог;
Зертханалық және функционалдық зерттеулер: ішек инфекциялары: дизентерия, сальмонеллез, іш сүзегі, А және В паратифтері қоздырғыштарын тасымалдауына, патогенді стафилококкты тасымалдауына зерттеп-қарау; мерезге зерттеп-қарау
5 Жолаушыларға қызмет көрсету бойынша ұйымдардың (теміржол вокзалдарының, аэровокзалдардың әуежайлардың, теңіз және өзен вокзалдарының, автовокзалдардың, метрополитендердің) жұмыскерлері Дәрігерлік қарап тексеру:
терапевт
Зертханалық және функционалдық зерттеулер: флюорография
Әрбір 12 айдан кейін Дәрігерлік қарап тексеру:
терапевт
Зертханалық және функционалдық зерттеулер: флюорография;
6 Жолаушылар поездарының жолсеріктері, өзен, теңіз және авиакөлік стюарттары Дәрігерлік қарап тексеру:
терапевт,
дерматовенеролог;
Зертханалық және функционалдық зерттеулер: флюорография; гельминт жұмыртқаларына зерттеп-қарау; мерезге зерттеп-қарау; ішек инфекциялары: дизентерия, сальмонеллез, іш сүзегі, А және В паратифтері қоздырғыштарын тасымалдауына зерттеп-қарау
Әрбір 12 айдан кейін Дәрігерлік қарап тексеру:
терапевт,
дерматовенеролог;
Зертханалық және функционалдық зерттеулер: флюорография; гельминт жұмыртқаларына зерттеп-қарау; мерезге зерттеп-қарау; ішек инфекциялары: дизентерия, сальмонеллез, іш сүзегі, А және В паратифтері қоздырғыштарын тасымалдауына зерттеп-қарау
7 Бастауыш, жалпы орта, кәсіптік, жоғары білім беру мекемелерінің, мектептен тыс мекемелердің (балаларға қосымша білім беру мекемелері), компьютер клубтарының жұмыскерлері Дәрігерлік қарап тексеру:
терапевт
Зертханалық және функционалдық зерттеулер: флюорография
Әрбір 12 айдан кейін (оқу жылының басталуы алдында – маусым, шілде, тамыз) Дәрігерлік қарап тексеру:
терапевт
Зертханалық және функционалдық зерттеулер: флюорография;
8 Балалар мен жасөспірімдердің маусымдық сауықтыру ұйымдарының жұмыскерлері Дәрігерлік қарап тексеру:
терапевт, дерматовенеролог;
Зертханалық және функционалдық зерттеулер: флюорография; гельминт жұмыртқаларына зерттеп-қарау; мерезге зерттеп-қарау; ішек инфекциялары: дизентерия, сальмонеллез, іш сүзегі, А және В паратифтері қоздырғыштарын тасымалдауына зерттеп-қарау; патогенді стафилококкты тасымалдауына зерттеп-қарау
Әрбір 12 айдан кейін (маусымның басталуы алдында) Дәрігерлік қарап тексеру: терапевт, дерматовенеролог;
Зертханалық және функционалдық зерттеулер: флюорография; гельминт жұмыртқаларына; мерезге зерттеп-қарау; ішек инфекциялары: дизентерия, сальмонеллез, іш сүзегі, А және В паратифтері қоздырғыштарын тасымалдауына; патогенді стафилококкты тасымалдауына зерттеп-қарау
9 Мектепке дейінгі, мектеп-интернаттардың, балалардың жыл бойы жұмыс істейтін сауықтыру ұйымдарының, балалар үйлерінің, отбасылық үлгідегі үйлердің жұмыскерлері Дәрігерлік қарап тексеру:
терапевт, дерматовенеролог;
Зертханалық және функционалдық зерттеулер: флюорография; гельминт жұмыртқаларына зерттеп-қарау; мерезге зерттеп-қарау; ішек инфекциялары: дизентерия, сальмонеллез, іш сүзегі, А және В паратифтері қоздырғыштарын тасымалдауына зерттеп-қарау; патогенді стафилококкты тасымалдауына зерттеп-қарау
 Әрбір 12 айдан кейін Дәрігерлік қарап тексеру:
терапевт, дерматовенеролог;
Зертханалық және функционалдық зерттеулер: флюорография; гельминт жұмыртқаларына; мерезге зерттеп-қарау; ішек инфекциялары: дизентерия, сальмонеллез, іш сүзегі, А және В паратифтері қоздырғыштарын тасымалдауына; патогенді стафилококкты тасымалдауына зерттеп-қарау
10 Медициналық ұйымдардың жұмысы инвазиялық рәсімдермен байланысты емес жұмыскерлері (осы қосымшаның 12-тармағында көрсетілген контингентті қоспағанда) Дәрігерлік қарап тексеру:
терапевт, дерматовенеролог;
Зертханалық және функционалдық зерттеулер: флюорография, мерезге зерттеп-қарау; патогенді стафилококкты тасымалдауына зерттеп-қарау; В вирусты гепатиті және С вирусты гепатиті маркерлеріне зерттеп-қарау
 Әрбір 12 айдан кейін Дәрігерлік қарап тексеру:
терапевт, дерматовенеролог;
Зертханалық және функционалдық зерттеулер: флюорография, мерезге зерттеп-қарау; патогенді стафилококкты тасымалдауына зерттеп-қарау
11 Медициналық ұйымдардың инвазиялық диагностикалық және емдік рәсімдерді жүргізетін жұмыскерлері, сондай-ақ биологиялық материалмен байланыста болатын медицина жұмыскерлері Дәрігерлік қарап тексеру: терапевт, дерматовенеролог;
зертханалық және функционалдық зерттеулер: флюорография; мерезге зерттеп-қарау; патогенді стафилококкты тасымалдауына зерттеп-қарау; АИТВ 1,2-ге зерттеп-қарау; “В” вирусты гепатиті және “С” вирусты гепатиті маркерлеріне зерттеп-қарау
Әрбір 12 айдан кейін Дәрігерлік қарап тексеру: терапевт, дерматовенеролог;
зертханалық және функционалдық зерттеулер: флюорография; мерезге зерттеп-қарау; патогенді стафилококкты тасымалдауына зерттеп-қарау; АИТВ 1,2-ге зерттеп-қарау
Әрбір 6 айдан кейін “В” вирусты гепатиті және “С” вирусты гепатиті маркерлеріне зерттеп-қарау
12  Перзентханалардың (бөлімшелерінің), балалар ауруханаларының (бөлімшелерінің), жаңа туған сәбилер патологиясы бөлімшелерінің, шала туған сәбилер бөлімшелерінің медицина жұмыскерлері Дәрігерлік қарап тексеру:
терапевт, дерматовенеролог;
Зертханалық және функционалдық зерттеулер: флюорография; мерезге зерттеп-қарау; ішек инфекциялары: дизентерия, сальмонеллез, іш сүзегі, А және В паратифтері қоздырғыштарын тасымалдауына зерттеп-қарау; патогенді стафилококкты тасымалдауына зерттеп-қарау
 Әрбір 12 айдан кейін Дәрігерлік қарап тексеру:
терапевт, дерматовенеролог;
Зертханалық және функционалдық зерттеулер: флюорография; мерезге зерттеп-қарау; ішек инфекциялары: дизентерия, сальмонеллез, іш сүзегі, А және В паратифтері қоздырғыштарын тасымалдауына зерттеп-қарау; патогенді стафилококкты тасымалдауына зерттеп-қарау
13  Биологиялық материалмен байланыста болатын медициналық ұйымдардың кіші персоналы Дәрігерлік қарап тексеру:
терапевт, дерматовенеролог;
Зертханалық және функционалдық зерттеулер: флюорография; мерезге зерттеп-қарау; патогенді стафилококкты тасымалдауына зерттеп-қарау; В вирусты гепатиті және С вирусты гепатиті маркерлеріне зерттеп-қарау
 Әрбір 12 айдан кейін Дәрігерлік қарап тексеру:
терапевт, дерматовенеролог;
Зертханалық және функционалдық зерттеулер: флюорография; мерезге зерттеп-қарау; патогенді стафилококкты тасымалдауына зерттеп-қарау; В вирусты гепатиті және С вирусты гепатиті маркерлеріне зерттеп-қарау
14 Қызмет көрсету саласының (моншалар, себезгілер, сауналар, шаштараздар, кір жуатын орындар, химиялық тазалау орындары, қоғамдық әжетханалар) жұмыскерлері, бассейндердің және сумен емдеу орындарының, балшықпен емдеу орындарының, спорт-сауықтыру ұйымдарының жұмыскерлері, қонақ үйлердің, мотельдердің, жатақханалардың, кемпингтердің менеджерлері, әкімшілері, олардың қабаттарының меңгерушілері Дәрігерлік қарап тексеру:
терапевт, дерматовенеролог;
Зертханалық және функционалдық зерттеулер: флюорография; гельминт жұмыртқаларына; мерезге зерттеп-қарау
 Әрбір 12 айдан кейін Дәрігерлік қарап тексеру:
терапевт, дерматовенеролог;
Зертханалық және функционалдық зерттеулер: флюорография; гельминт жұмыртқаларына; мерезге зерттеп-қарау
15 Сұлулық салондарының, косметологиялық және косметикалық кабинеттердің тері жабындыларының тұтастығын бұза отырып, манипуляцияларды (маникюр, педикюр, косметикалық қызметтерді) жүзеге асыратын жұмыскерлері Дәрігерлік қарап тексеру:
терапевт, дерматовенеролог;
Зертханалық және функционалдық зерттеулер: флюорография; мерезге зерттеп-қарау; В және С вирусты гепатиті маркерлеріне зерттеп-қарау
 Әрбір 12 айдан кейін Дәрігерлік қарап тексеру:
терапевт, дерматовенеролог;
Зертханалық және функционалдық зерттеулер: флюорография; мерезге зерттеп-қарау; В және С вирусты гепатиті маркерлеріне зерттеп-қарау
16 Санаторийлердің, демалыс үйлерінің, пансионаттардың, интернаттардың және мүгедектер мен қарттар үйлерінің жұмыскерлері, үйге келетін медициналық-әлеуметтік жұмыскерлер Дәрігерлік қарап тексеру:
терапевт; дерматовенеролог;
Зертханалық және функционалдық зерттеулер: флюорография; мерезге зерттеп-қарау; гельминт жұмыртқаларына зерттеп-қарау; ішек инфекциялары: дизентерия, сальмонеллез, іш сүзегі, А және В паратифтері қоздырғыштарын тасымалдауына зерттеп-қарау
 Әрбір 12 айдан кейін Дәрігерлік қарап тексеру:
терапевт;
Зертханалық және функционалдық зерттеулер: флюорография; мерезге зерттеп-қарау; гельминт жұмыртқаларына зерттеп-қарау; ішек инфекциялары: дизентерия, сальмонеллез, іш сүзегі, А және В паратифтері қоздырғыштарын тасымалдауына зерттеп-қарау
17  Дәріханалардың, фармацевтикалық ұйымдардың (зауыттар, фабрикалар) дәрілік заттарды дайындаумен, ораумен және өткізумен айналысатын жұмыскерлері Дәрігерлік қарап тексеру:
терапевт;
Зертханалық және функционалдық зерттеулер: флюорография
 Әрбір 12 айдан кейін Дәрігерлік қарап тексеру:
терапевт;
Зертханалық және функционалдық зерттеулер: флюорография
18 Су дайындауға тікелей қатысы бар су құбыры құрылыстарының жұмыскерлері, су құбыры желілеріне қызмет көрсететін адамдар, өндірістік зертханалардың, сумен жабдықтау және кәріз объектілерінің жұмыскерлері Дәрігерлік қарап тексеру:
терапевт; дерматовенеролог;
Зертханалық және функционалдық зерттеулер: флюорография; гельминт жұмыртқаларына зерттеп-қарау; мерезге зерттеп-қарау; ішек инфекциялары: дизентерия, сальмонеллез, іш сүзегі, А және В паратифтері қоздырғыштарын тасымалдауына зерттеп-қарау
 Әрбір 12 айдан кейін Дәрігерлік қарап тексеру:
терапевт; дерматовенеролог;
Зертханалық және функционалдық зерттеулер: флюорография; гельминт жұмыртқаларына; мерезге зерттеп-қарау; ішек инфекциялары: дизентерия, сальмонеллез, іш сүзегі, А және В паратифтері қоздырғыштарын тасымалдауына зерттеп-қарау
19 Жалпы білім беретін мектептердің, арнайы орта және жоғары оқу орындарының оқушылары (студенттері) міндетті медициналық қарап тексеруге жататын жұмыскерлер сияқты ұйымдарда практикадан өтуді бастаудың алдында және өту кезеңінде Практикадан өтетін ұйымның санатына сәйкес  Практикадан өтетін ұйымның санатына сәйкес Практикадан өтетін ұйымның санатына сәйкес

 

 

© 2012. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің “Республикалық құқықтық ақпарат орталығы” ШЖҚ РМК