Акушер-гинекологтың қабылдауы

Акушер-гинекологтың қабылдауы

Әйелдерге жүктілік кезінде және одан тыс уақытта, босанғаннан кейінгі кезеңде акушерлік-гинекологиялық көмекті ұйымдастырады, отбасын құру және  репродуктивті денсаулықты қорғау, сондай-ақ репродуктивті жүйедегі гинекологиялық аурулардың алдын алу,   диагностика мен емдеу ісі  бойынша төмендегі  қызметтерді   ұсынады:

  • Жүкті әйелдерді жүктілік, босану, босанғаннан кейінгі кезеңдегі асқынулардың алдын алу және ертерек анықтау мақсатында диспансерлік бақылау. «Қауіп факторы» бар әйелдерді диспансерлік есепке алу.
  • Перинатальды көмекті аймақтандыру принциптерін сақтай отырып, күндізгі стационарға, жүкті әйелдер патологиясы бөліміне, перзентханаға, экстрагенитальді патологиясы бар профильді емдеу мекемелеріне уақтылы госпитализациялауды қажет ететін жүкті әйелдерді анықтау.
  • Жүкті әйелдерді, босанатын әйелдерді, жас босанған әйелдерді мамандандырылған және жоғары дәрежеде мамандандырылған медициналық көмек алу үшін республикалық деңгейдегі медициналық мекемелерге жіберу.

Кольпоскопия кабинеті

Кальпоскопия эпителий құрылысын, эктопиялық түрдегі зақымдануларды, шырышты қабықтағы тамыр өзгерістерін көруге мүмкіндік береді. Кальпоскопиядан кейін ереже бойынша зақымдану аймағынан алынған эпителийге цитологиялық зерттеу жүргізіледі.

Жатыр мойнының кальпоскопиясы жай көзге біртектес болып көрінетін жатыр мойнындағы өзгерістерді нақтырақ талдап тексеруге мүмкіндік беретін, ешбір ауырсыну туғызбайтын зерттеу.